Өлім жағдайындағы адамның денесін немесе күлін (қалдықтарын) туған жерге тасымалдауға анықтама
Оны қайда рәсімдеу керек?
Өлім жағдайындағы адамның денесін немесе күлін (қалдықтарын) туған жерге тасымалдау туралы анықтаманы Польша Республикасының тиісті аумақтық консулдық мекемесінен алуға болады.
Құжаттарды жеке тапсыру керек пе?
Жоқ, құжаттарды жеке өзі, уәкілетті тұлға немесе пошта арқылы жіберуге болады.
Қабылдауға қалай жазылуға болады?
Қабылдауға телефон немесе электрондық пошта арқылы жазылуға болады.
Қандай құжаттарды тапсыру керек?
Өтініш берушіден келесі құжаттарды дайындауды сұраймыз:
- Аудан басшысы (староста) немесе қала әкімі берген рұқсат – мұндай рұқсат алу үшін өлі адамның отбасы немесе уәкілетті жерлеу бюросы старостаға немесе қала әкіміне өтініш білдіруі керек;
- Өлім туралы куәліктің немесе өлімді растайтын басқа құжаттың көшірмесі.
Қанша төлеуге тура келеді?
Консулдық алым 50 евро.
Рәсімдеу мерзімі қандай?
Консул өтініш берілген күннен бастап 3 күннен кешіктірмей анықтаманы береді.
Құжаттарды қалай алуға болады?
Жеке түрде. Сондай-ақ, жеткізу қызметі үшін төлеу арқылы құжаттарды пошта арқылы алуды сұрауға болады.
Шешімге қалай шағымдануға болады?
Қызмет көрсетуден бас тарту жағдайында консул шешім шығарады, оны 7 күн ішінде Сыртқы істер министріне апелляциялауға болады. Апелляцияны шешім қабылдаған консулға тікелей тапсыру қажет.
Жиі қойылатын сұрақтар
Егер отбасы өлі адамның денесін Польшаға тасымамауды шешсе не болады? Егер отбасы денені Польшаға тасымамауды шешсе, консул жергілікті билік органдарына жерлеуді жергілікті заңнамаға сәйкес (қоғамдық зираттарда жергілікті биліктің қаржысымен) жүргізуді сұрайды.
Есте сақтаңыз: консул қаржылық шығындарды жабмайды және өлі адамның отбасы атынан жерлеу тәсілі мен орнын таңдауға қатысты ешқандай шешім қабылдамайды.
Заңдық негіз
Ustawa z dnia 25 czerwca 2015 roku Prawo konsularne