Польшаның тарихын онлайн таныңыз!
22.01.2026
Варшавадағы Полония Әскери музейі шетелдегі жастар мен поляк диаспорасы өкілдерін тегін онлайн сабақтарға шақырады.
Қатысушылар Полония әскери рәміздерімен танысып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі поляк сарбаздарының тағдыры, тәуелсіздікке апарар жол және ұлттық батырлар туралы мағлұмат ала алады.
Бағдарламада музей экспонаттарымен виртуалды кездесулер және тарихи-музыкалық сабақтар да қарастырылған 🎶
Ұйымдастыру мәселелері мен сабақтардың мерзімдері туралы толық ақпарат алу үшін Музеймен тікелей байланысуды сұраймыз: edukacjazdalna@muzeumwp.pl