Ресми құжатты легализациялау
- Апостиль
Апостиль — бұл құжатты берген органның құзыреттілігін растайтын белгі. Апостиль шетелдік лауазымды тұлғаның қолының және мөрінің шынайылығын растайды. Осылайша, шетелде берілген ресми құжатты Польшада пайдалануға болады.
Польша да, Қазақстан/Қырғызстан да 1961 жылғы 5 қазанда қол қойылған, шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Гаага конвенциясының қатысушылары болып табылады. Бұл Қазақстаннан/Қырғызстаннан берілген құжатты Польшада пайдалану үшін жергілікті мекемеде апостиль қойдыру жеткілікті екенін білдіреді.
Қазақстанда берілген құжаттарға апостиль қоюға уәкілетті органдар:
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұрынғы Білім және ғылым министрлігі);
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Ақпарат және архивтер комитеті;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
Актуалды тізіммен https://egov.kz/cms/ru/articles/apostil/apostille сайтынан танысуға болады.
Қырғызстанда берілген құжаттарға апостиль қоюға уәкілетті органдар:
- Қырғыз Республикасының Әділет министрлігі;
- Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі;
- Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы;
- Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік қызметі;
- Қырғыз Республикасының Қаржы полициясы жөніндегі мемлекеттік қызметі;
- Қырғыз Республикасының Сот департаменті.
Актуалды тізіммен http://minjust.gov.kg/ru/content/97 сайтынан танысуға болады.
Консул апостиль алуға делдалдық қызмет көрсетпейді.
Егер шетелдік мекеме поляк құжатына апостиль қоюды талап етсе, Польша Республикасының Сыртқы істер министрлігінің сайтындағы ақпаратпен танысу ұсынылады.
Материалдар
1961 жылғы Гаага конвенциясына қатысушы елдер тізімі
Заңдық негіз
Konwencja znosząca wymóg legalizacji zagranicznych dokumentów urzędowych, sporządzona w Hadze dnia 5 października 1961 roku
Rozporządzenie Parlamentu Europejskiego i Rady (UE) 2016/1191 z dnia 6 lipca 2016 r. w sprawie promowania swobodnego przepływu obywateli poprzez uproszczenie wymogów dotyczących przedkładania określonych dokumentów urzędowych w Unii Europejskiej i zmieniające rozporządzenie (UE) nr 1024/2012
Ustawa z dnia 25 czerwca 2015 r. Prawo konsularne
Rozporządzenie Parlamentu Europejskiego i Rady (UE) 2016/1191 z dnia 6 lipca 2016 r. w sprawie promowania swobodnego przepływu obywateli poprzez uproszczenie wymogów dotyczących przedkładania określonych dokumentów urzędowych w Unii Europejskiej i zmieniające rozporządzenie (UE) nr 1024/2012
Ustawa z dnia 4 kwietnia 2019 r. o przedkładaniu niektórych dokumentów urzędowych w państwach członkowskich Unii
- Заңдастыру
Заңдастыру — бұл құжатты берген органның құзыреттілігін растайтын рәсім. Құжатты заңдастыру арқылы консул шетелдік лауазымды тұлғаның қолы мен мөрінің шынайылығын растайды. Осылайша, шетелде берілген ресми құжатты Польшада пайдалануға болады.
Заңдастыру — бұл 1961 жылғы 5 қазанда қол қойылған, шетелдік ресми құжаттарды ресмилендіру талабын жоятын Гаага конвенциясына қосылмаған елдерден алынған құжаттарға қатысты қолданылады (Польша заң жинағы, 2005 ж., №938-бап).
Есіңізде болсын! Консул тек құжаттардың түпнұсқаларын және ресми көшірмелерін заңдастырады. Қарапайым фотокөшірмелер мен ақпараттық-коммуникациялық жүйелерден басып шығарылған құжаттар заңдастырылмайды. Құжаттар консулға ұсынылғанға дейін оларды жергілікті құзыретті орган растауы қажет. Көптеген елдерде бұл функцияны сыртқы істер министрлігі, әділет министрлігі немесе құжат берілген елдің кез келген басқа орталық органы атқарады.
Консул консулдық заңдастыру рәсімінен өтпеген құжаттарды заңдастыра алмайды.
Заңдастыру мәселесі бойынша консулдыққа жазылу үшін e-Konsulat сайтынан «құқықтық мәселелер бойынша қабылдауға» жазылыңыз немесе тиісті консулдық мекемеге телефон не электрондық пошта арқылы хабарласыңыз.
Егер шетелдік орган поляк құжатын заңдастыруды талап етсе, Польша Республикасының Сыртқы істер министрлігінің сайтындағы ақпаратпен танысу ұсынылады.
Заңдық негіз
Konwencja znosząca wymóg legalizacji zagranicznych dokumentów urzędowych, sporządzona w Hadze dnia 5 października 1961 roku
Ustawa z dnia 25 czerwca 2015 r. Prawo konsularne
Ustawa z dnia 17 listopada 1964 roku Kodeks postępowania cywilnego