Варшава Университетінің Шығыс Еуропа Студиясының Шығыс Жазғы Мектебі
28.11.2025
Варшава Университетінің Шығыс Еуропа Студиясы ұйымдастыратын Шығыс Жазғы Мектебі (ШЖМ) Орталық және Шығыс Еуропа, Балқан, Орталық Азия және Кавказ елдерінен келген гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі салаларындағы жас зерттеушілерге арналған (Мектеп қатысушылары Польшадан болмауы тиіс).
Мектепке толыққанды қатысушы болуға тек шетелдік азаматтар құқылы, олар жоғары білімді бітірген, өз ғылыми зерттеулерін жүргізетін және жастары 35-тен аспаған адамдар болуы керек.
Мектептің мақсаты – ғылым саласының қазіргі жағдайымен танысуға, жаңа ғылыми орталар мен танымал ғалымдармен кездесу мүмкіндігін беруге, Польша архивтері мен кітапханаларының қорымен танысуға мүмкіндік жасау. Мектеп қатысушыларға жеке зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермейді, ол тек тыңдаушыларды Польшада болашақта ұзақ мерзімді ғылыми жұмыстарға дайындайды.
Өтінімдерді 2026 жылғы 20 мамырға дейін жіберу қажет.
Мектеп 2026 жылғы 29 маусырдан 15 шілдеге дейін Варшава қаласында өтеді.
Шығыс Жазғы Мектепке қатысу талаптары мен шарттары туралы толық ақпаратты мына сайттан табуға болады: www.studium.uw.edu.pl