W celu świadczenia usług na najwyższym poziomie stosujemy pliki cookies. Korzystanie z naszej witryny oznacza, że będą one zamieszczane w Państwa urządzeniu. W każdym momencie można dokonać zmiany ustawień Państwa przeglądarki. Zobacz politykę cookies.
Powrót

Жеке деректерді өңдеу

Консулдық деректер жинақтарында жеке деректерді өңдеу туралы ақпарат

Еуропа Парламентінің және Кеңесінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі 2016/679 (ЕС) Регламентінің 13-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың дербес деректерін өңдеу және мұндай деректердің еркін айналымы туралы, сондай-ақ 95/46/EC Директивасының күшін жою туралы (бұдан әрі – Регламент), біз келесіні хабарлаймыз:

  1. Регламенттің 4-бабының, 7-тармағына сәйкес, Сіздің дербес деректеріңіздің Бақылаушысы – Польша Республикасының Сыртқы істер министрі, Польшада орналасқан мекенжайы: 00-580, Варшава қаласы, Я. Х. Шуха даңғылы, 23 (Al. J. Ch. Szucha 23).
  2. Астанадағы Польшаның консулы, Астанада орналасқан мекемесінде, өз құзыретіне жататын консулдық деректер жинағында қамтылған деректерге қатысты Бақылаушының міндеттерін орындайды.
  3. Сыртқы істер министрі Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелерде өңделетін деректерге қатысты міндеттерін орындайтын Деректерді қорғау жөніндегі инспекторды (ДҚИ) тағайындады. Бұл лауазымға Даниэль Щенсны мырза тағайындалды.

 

ДҚИ байланыс деректері:

Мекенжайы: Я. Х. Шуха даңғылы, 23 (Al. J. Ch. Szucha 23), 00-580, Варшава қаласы

Электрондық пошта: iod@msz.gov.pl

  1. Деректерге тек Бақылаушы уәкілеттік берген тұлғалар ғана қол жеткізе алады.
  2. Консулдық деректер жинағында қамтылған деректер Регламенттің 6-бабының, 1-тармағы, «с» тармақшасына сәйкес, Польшаның консулы өзінің міндеттерін тиісті нормативтік құқықтық актілерге (төмендегі кестеде келтірілген) сәйкес орындау мақсатында өңделеді.
  3. Деректер Регламентке сәйкес қорғалады және оларға қол жеткізуге құқығы жоқ үшінші тұлғаларға берілмейді.

Деректер Регламентте қарастырылған деңгейден төмен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын үшінші елдерге берілмейді. Деректер тек Польша немесе Еуропалық Одақ заңнамасында көзделген жағдайда ғана үшінші елге берілуі мүмкін, бұл Регламенттің 44–46-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Сіздің деректеріңізге қол жеткізу заң негізінде тиісті субъектілерге, соның ішінде мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.
  2. Дербес деректерді ұсыну заң бойынша талап етіледі және істі қарастыру үшін қажет.
  3. Егер жекелеген нормативтік құқықтық актілерде өзгеше көзделмесе, Сізде Регламенттің 15–19-баптарында қарастырылған деректерді өңдеуді бақылау құқығы бар, атап айтқанда, өз деректеріңізге қол жеткізуге, оларды түзетуге, жоюға немесе өңдеуді шектеуге құқығыңыз бар (17 және 18-баптар қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда).
  4. Сіздің деректеріңіз автоматтандырылған шешім қабылдау мақсатында өңделмейді, ол шешімдер Сізге қатысты заңдық салдарлар туғызуы немесе Сізге айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Деректер профилдеу процесіне жатпайды.
  5. Сіз Жеке деректерді қорғау жөніндегі басқарма төрағасына шағым түсіруге құқылысыз, мекенжайы:

Prezes Urzędu Ochrony Danych Osobowych (Жеке деректерді қорғау жөніндегі басқарма төрағасы)

ul. Stawki 2 (Ставки көшесі, 2)

00-193 Warszawa (Варшава қаласы)

 

Польша Республикасының консулы жүзеге асыратын жеке әрекеттерге қатысты жеке деректерді өңдеудің заңды негіздері, мақсаттары мен мерзімдері туралы толық ақпарат.

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ

МАҚСАТЫ

МЕРЗІМІ

Құжаттардың жоғалуына және табылған құжаттарды тапсыруға байланысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы, 2010 жылғы 6 тамыздағы Польша Республикасының «Паспорттар туралы» заңы.

Паспорттың жоғалуы немесе зақымдануы туралы өтінішті қарастыру, сондай-ақ жоғалған немесе бүлінген паспорт туралы анықтама беру. Көлік құралын тіркеу туралы куәліктер мен жүргізуші куәліктерін Польшаға жіберу.

5 жыл

визалық сұрақтар

2013 жылғы 12 желтоқсандағы Польша Республикасының «Шетел азаматтары туралы» заңы,

2009 жылғы 13 шілдедегі Еуропа Парламенті мен Кеңесінің № 810/2009 (EC) Регламенті – Визалық кодекс,

2006 жылғы 14 шілдедегі Польша Республикасының «ЕО мүше мемлекеттерінің азаматтары мен олардың отбасы мүшелерінің Польша Республикасының аумағына кіруі, онда болуы және шығуы туралы» заңы,

2015 жылғы 25 маусымдағы «Консулдық құқық» туралы заң.

Шенген визасын немесе елге кіруге арналған ұлттық визаны беру немесе беруден бас тарту, визаларды кері қайтарып алу немесе жою, виза беру туралы шешімді қайта қарау жөніндегі өтініш бойынша шешім шығару.

1 жыл (шешім қабылданған күннен бастап).

аудармаларға қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы.

Құжаттарды аудару, аудармаға нотариалдық куәлік беру, көптілді стандартты бланкіні беру.

5 жыл

консулдық көмекке қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы және Регламенттің 6-бабы, 1-тармағы «с» және «d» тармақшаларына, 9-бабы 2-тармағы «с» тармақшасына және 10-бабына сәйкес.

Консулдық көмек көрсету.

5 жыл (қабылданған депозиттерді немесе табылған заттарды қайтарумен байланысты дербес деректерден басқа, олар шексіз мерзімге өңделеді).

құқықтық көмекке қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы.

Құжаттарды тапсыру, жауап алу, құқықтық көмек көрсету туралы сұрау аясында құзыретті органға, сотқа немесе прокурорға ақпарат беру.

5 жыл

азаматтық хал актілеріне және есім мен текті өзгертуге қатысты сұрақтар

2014 жылғы 28 қарашадағы Польша Республикасының «Азаматтық хал актілері туралы» заңы,

2008 жылғы 17 қазандағы «Есім мен текті өзгерту туралы» заңы,

2015 жылғы 25 маусымдағы «Консулдық құқық» туралы заң.

Тиісті заңнамада көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыру туралы өтініш беру.

50 жыл – Польша Республикасының консулы қатысуымен некені тіркеу.

 

10 жыл – есім мен текті өзгерту, әкелік тану, туу, өлім, шетелде неке қию, азаматтық хал актісін Польша Республикасында тіркеу және азаматтық хал жағдайының өзге де мәселелері.

нотариаттық мәселелерге қатысты сұрақтар

1991 жылғы 14 ақпандағы Польша Республикасының «Нотариат туралы» заңы,

2015 жылғы 25 маусымдағы «Консулдық құқық» туралы заң

Тиісті заңнамада көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру туралы өтініштер бойынша жұмыс жүргізу.

10 жыл – нотариалдық актіні беруімен байланысты деректер.

 

2 жыл – өзге де нотариаттық іс-әрекеттер.

 

уақытша жол жүру құжатын беруге қатысты сұрақтар

1996 жылғы 25 маусымда ЕО-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің Кеңес шеңберінде қабылдаған уақытша жол жүру құжатын жасау туралы шешімі,

2013 жылғы 12 желтоқсандағы Польша Республикасының «Шетел азаматтары туралы» заңы,

2015 жылғы 25 маусымдағы «Консулдық құқық» туралы заң.

Уақытша жол жүру құжатын немесе шетел азаматына арналған поляк уақытша жол жүру құжатын беру.

10 жыл

Поляк картасына (Карта поляка) қатысты сұрақтар

2007 жылғы 7 қыркүйектегі Польша Республикасының «Поляк картасы туралы» заңы,

2015 жылғы 25 маусымдағы «Консулдық құқық» туралы заң.

Поляк картасын беру, беруден бас тарту, күшін жою немесе ұзарту туралы шешім шығару.

10 жыл – негізгі рәсімдер (беру, бас тарту, ұзарту, күшін жою).

 

2 жыл – Поляк картасының жоғалуы, зақымдануы немесе табылуы туралы өтініштерге байланысты деректер.

 

оқушы билеттеріне қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы.

Оқушы (студенттік) билетін беру.

5 жыл

11 аа-баптың, 4-тармағына сәйкес берілген анықтама

 

1999 жылғы 7 қазандағы «Поляк тілі туралы» заң.

1999 жылғы 7 қазандағы «Поляк тілі туралы» заң.

Полониялық анықтама беру

5 жыл

құжаттарды заңдастыру және шетелден құжаттарды талап ету мәселелеріне қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы.

Қабылдаушы мемлекетте жасалған немесе куәландырылған ресми құжатты заңдастыру.

2 жыл

шағын шекара маңы қозғалысына қатысты

Еуропа Парламенті мен Кеңесінің 1931/2006 Регламенті – ЕО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы құрлықтық шекараларында шағын шекара маңы қозғалысы тәртібін белгілеу туралы және Шенген конвенциясының ережелеріне өзгерістер енгізу туралы,

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы.

Шағын шекара маңы қозғалысы тәртібімен шекарадан өтуге рұқсатты беру, беруден бас тарту немесе рұқсатты жою.

2 жыл

шетелдік төлқұжаттарға қатысты сұрақтар

2022 жылғы 27 қаңтардағы Польша Республикасының «Шетелдік паспорттар туралы» заңы,

2015 жылғы 25 маусымдағы «Консулдық құқық» туралы заң,

сондай-ақ Регламенттің 6-бабы 1-тармағы «с» тармақшасына, 9-бабы 2-тармағы «г» тармақшасына және 10-бабына сәйкес.

Төлқұжаттық құжатты беру, жоғалту, жойылу туралы хабарлау, беруден бас тарту, жарамсыз деп тану және жарамсыз төлқұжатты жою.

60 жыл – шетелдік төлқұжат берілген жағдайда,

 

10 жыл – өзге жағдайларда.

репатриация мәселелеріне қатысты сұрақтар

2007 жылғы 7 қыркүйектегі Польша Республикасының «Репатриация туралы» заңы,

2015 жылғы 25 маусымдағы «Консулдық құқық» туралы заң.

Поляк тектілігін тану, репатриантқа виза беру, мемлекеттік бюджет есебінен репатрианттарға көмек көрсету.

25 жыл

мұрагерлік мәселелеріне қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы.

Мемлекеттік қазынашылықтың мұрагерлік құқықтарды жүзеге асыруы.

шексіз

Польша Республикасының азаматтығына қатысты сұрақтар

2009 жылғы 2 сәуірдегі Польша Республикасының «Польша Республикасының азаматтығы туралы» заңы,

2015 жылғы 25 маусымдағы «Консулдық құқық» туралы заң.

Польша Республикасының Президенті арқылы азаматтық беру туралы өтініштерді қарау, Президенттің Польша Республикасының азаматтығынан бас тартуға келісімін беруі, Польша Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, азаматтықты растау, Польша Республикасының азаматтығына кіруге келісім беру туралы өтініш қабылдау, азаматтықтан бас тарту, Польша Республикасының азаматтығын тану.

20 жыл – азаматтықты растау, азаматтыққа кіру, азаматтықты беру, қалпына келтіру және азаматтықтан айырылу жағдайында.

 

5 жыл – азаматтық мәселелері бойынша өзге хат-хабарлар.

ақпарат алу мәселелеріне қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы.

Ақпарат беру.

2 жыл

анықтама беру мәселелеріне қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы.

Заңды мүдделерді жүзеге асыру немесе заңнамалық ережелерден туындайтын міндеттерді орындау мақсатында анықтама беру.

10 жыл – жалпы жағдайда.

 

5 жыл – Польша Республикасының аумағы арқылы қару мен оқ-дәрілерді әкелу немесе тасымалдау, мәйітті тасымалдау немесе эксгумация жүргізу мақсатында анықтама беру.

шетелде жүрген поляктарға көмек көрсету мәселелеріне қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы және Регламенттің 6-бабы 1-тармағы «d» тармақшасы мен 9-бабы 2-тармағы «с» тармақшасына сәйкес.

Шетелде уақытша жүрген поляк азаматтарының және поляк заңды тұлғаларының мүдделерін қорғау, оның ішінде төтенше және дағдарыс жағдайлары туралы ақпарат беру.

5 жыл

сайлау және бүкілхалықтық референдумдар мәселелеріне қатысты сұрақтар

2015 жылғы 25 маусымдағы Польша Республикасының «Консулдық құқық» туралы заңы,

2011 жылғы 5 қаңтардағы Польша Республикасының «Сайлау кодексі».

Польша Республикасының Президентін, Сейм мен Сенат депутаттарын, Еуропарламент мүшелерін сайлау, сондай-ақ бүкілхалықтық референдум өткізу барысында дауыс беру.

5 жыл

теңізшінің жеке басын куәландыратын құжаттарды және басқа да теңізде жүзуге байланысты мәселелерді реттейтін сұрақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

{"register":{"columns":[]}}