Dostyq Run халықаралық жүгіру жарысы
28.11.2025
2025 жылғы 8 қарашада Астанада өткен “Dostyq Run” халықаралық жүгіру шарасы жоғары деңгейде өтті!
Бұл шара Польшаның Тәуелсіздік күніне арналған және Польша мен Қазақстан халықтарының достығы мен ынтымақтастығының белгісі болды.
Жүздеген қатысушы 2,5 және 5 шақырымдық қашықтықтарда өз күшін сынап, тамаша нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар арасында ерлер мен әйелдерге арналған 12 жүлделі орын иегерлері марапатталды.
Ал ең жасы үлкен қатысушыларға — ер адам мен әйелге — біздің серіктесіміз LOT Polish Airlines тарапынан Польшаға барып-қайту екі әуе билеті табысталды!
Барлық қатысушыларға белсенділік пен достық рухы үшін алғыс білдіреміз!
Достығымыз нығая берсін!