Powrót

"Қазақстандағы поляктар: тарихы мен жады"

04.09.2026

Okrągły stół

3 қыркүйекте ҚР Ұлттық музейінде ҚР Ұлттық музейі, Астанадағы Полония Республикасының Елшілігі, Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейі, Сібір жады музейі және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырған «Қазақстандағы поляктар: тарихы мен жады» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның модераторы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдинов болды.

Дөңгелек үстелде Полония Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда, ҚР Ұлттық музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.д., профессор Ақмарал Ибраева, Гданьск қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс музейі директорының орынбасары, т.ғ.д. Януш Маршалец және Поляк-Қазақстан тарихи комиссиясының хатшысы, т.ғ.д. Дмитрий Панто сөз сөйледі.

Баяндамалар поляктардың Қазақстандағы тарихы, депортациялар мен тарихи жад мәселелеріне арналды.

{"register":{"columns":[]}}